“Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” онкүндігі басталды

02.02.2021 мен 12.02.2021 аралығында «Чкалов орта мектебі №1» КММ– де «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» өзін-өзі тану онкүндігі басталды. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы біздің сабақтарымыз негіз болатын адамгершілік-рухани құндылықтар жанданады. Бұл сабақтарда біз айналамыздағы адамдарға мейірімді, мұқият болуға үйренеміз. «Өзін-өзі тану» пәні өте маңызды және қажет.Оқу арқылы біз өзімізді, өмірді, табиғатпен бірлікті білеміз.